Дүниежүзілік сауда ұйымына ену

Брюссельде Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастық жөнінде келіссөздер өтті

2014 жылғы 30 маусым – 1 шілдеде Брюссель қаласында (Бельгия Корольдігі) Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасында Кеңейтілген ынтымақтастық пен әріптестік туралы жаңа келісім (бұдан әрі – Келісім) бойынша келіссөздердің 7-раунды өтеді.
Әлемде29 Маусым , 13:04

Келіссөздердің 7-раунды барысында 3 «Сауда және инвестициялар», 4 «Экономикалық және тұрақты даму саласындағы ынтымақтастық», сондай-ақ 8 «Қаржылық ынтымақтастық» бөлімдері талқыланады.

Аталған келісім шеңберінде Қазақстан мен ЕО тараптар арасындағы ынтымақтастық салаларының ауқымы мен көлемін кеңейту күтіледі, деп ЭБЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстаннның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру перспективасын және Кеден одағы мен Еуарзиялық экономикалық одақ шеңберіндегі интеграцияны тереңдетуді есепке ала отырып жаңа келісімнің сауда-инвестициялық және экономикалық бөлімдерін жаңарту және модернизациялау ерекше қызығушлық тудырып отыр.

Қазақстан мен ЕО келісім негізінде жаһандық бәсекелестік жағдайында және тараптардың экономикалық және геосаясаттық мүдделерін есепке ала отрып ынтымақтастықты тереңдету үшін жаңа және күшті құқықтық негіз қалауға талпынады. Бұл жоғары деңгейде 2013 жылғы маусымда мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев пен Еуропалық комиссия төрағасы Ж.М. Баррозудың Қазақстанға бірінші ресми сапары кезінде және 2014 жылғы қаңтарда Давос форумы аясындағы өткен кездесулерде делелденді.

Келісімге қол қою ағымдағы жылдың аяғына дейін жоспарланып отыр.




Яндекс.Метрика