2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Г. Жұмалиев: «Аймақ-2050» байқауының тәртібі жақын арада дайын болады

Бүгін «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының бірінші форумында «Аймақ-2050» жобасының жетекшісі Гайса Жұмалиев «Аймақ-2050» байқауы туралы айтып берді.
Астана қаласы28 Маусым , 11:41

«Қозғалыста мен құрылғаннан бері бармын. Меніңше, әр түрлі саладағы қызметкерлер қозғалыстың тыныс-тіршілігімен танысу керек, сондықтан да мен Данат Жұминнің ұсынысын қабылдадым. Бүгінде қызықты жобалардың бірі –«Аймақ-2050» жобасы. Бұл өте маңызды жоба, оған әр саладағы қызметкерлерді тарту керек.  Себебі өз саласында өз өңірінде бар проблемаларды сол аймақтың тұрғындары жақсы біледі. Біздің мақсатымыз 30 дамыған елдің қатарына ену болғандықтан, барлық өңірдің жағдайын жасау қажет, - деді ол.

Оның айтуынша, жоба қазіргі таңда дайын. «Аймақ-2050» тәртіптері жақында әзір болады.

«Біз аймақтық комиссия мүшелерімен белсенді жұмыс істейміз, аймақтық командалар құру қажет, олар өз жобаларын қорғайтын болады. Біз олардың ішінен ең үздік дегендерін таңдап республикалық деңгейге шығарамыз», - деді ол.

Аталмыш жобаны құру Данат Жұминнің бастамасы екенін атап өтті ол.

«Біз қозғалыс белсенділері ретінде бұл жобаны қолдадық. Құрамалар 3 жүлделі орынға ие болады, деп жоспарлануда. Жеңімпаздар тек қымбат жүлделермен мараппаталып қана қоймай, Премьер-Министрмен таңғы ас ішеді», - деді ол.

Командалар 3-5 адамға дейін болады. Олар әр түрлі мамандық иелері болуы тиіс.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика