2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Астанада «Қазақстан-2050» жалпы ұлттық қозғалысының I форумы өтуде

Бүгiн Астана қаласында «Қазақстан-2050» жалпы ұлттық қозғалысының I форумы өтіп жатыр.
Астана қаласы28 Маусым , 11:25

Форум жұмысына елiмiздiң әр түпкiрінен 400-ден астам делегат қатысуда. Шараның басты мақсаты – ел халқын «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асыруға жұмылдыру. Форум барысында «Қазақстан 2050» стратегиясының мақсат-мiндеттерiн жүзеге асыруға бағытталған қозғалыстың түрлi жобалары талқыланды.

Сондай-ақ экономика мен мемлекеттiк басқаруға қатысты «Қазастан 2050: әлемдегi ең үздiк мемлекеттiк басқару жүйесiн қалай құру қажет?», «Қазақстан 2050: әлемдегi ең мықты экономиканы қалыптастыру жолы» сынды тақырыптар арқау болмақ. 

Айта кетейiк, «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысын құру идеясын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. 2013 жылдың 29 қарашасында «Болашақ» стипендиаттарының мерейтойлық форумында сөйлеген сөзiнде Елбасы: «Қазақстан 2050» - бұл бiздiң ХХI ғасырдағы ұлттық идеямыз, ол бiздiң халқымыз ұмтылған ұлы құндылықтарды айқындайды. Мен бұрыннан берi ойымда пiсiп-жетiлген бiр идеямен бөлiскiм келедi.

«Болашақ» негiзiнде «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысын құруды ұсынамын», - деген. Президент бастамасын қолдаған ынталы топ 2013 жылдың 6 желтоқсанында қозғалыстың құрылғанын жариялады. Қозғалыстың негiзгi мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясында жазылған саяси бағытты қолдау арқылы Қазақстанның әлемнiң ең дамыған 30 елi қатарына енуiн қамтамасыз ету. Бұл мақсатта қозғалыс Стратегия аясынан туындайтын түрлi бағыттағы жобаларды жүзеге асырады.

 




Яндекс.Метрика