Парламент

Мәжіліс: жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша түзетулер әкімдердің қаржылық дербестілігін нығайтады

Бүгін Мәжіліс палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
Астана қаласы15 Мамыр , 00:00

Жаңа заңнамалық қағидаттар жергілікті қоғамдастық жиындары мен жиналыстарын өткізу арқылы халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі рөлін арттыруға бағытталған. Бұл тікелей, аудандық маңызы бар қалалаларға, ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге қатысты болмақ. 
Жаңа енгізілім осы елді мекендер әкімдерінің қаржылық дербестілігін нығайтуды көздейді. Оған сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақыдан түсетін түсімдер арқылы қол жеткізуге болады. 
Сонымен бірге, жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражаттарын және жергілікті өзін-өзі басқарудың табыс көздерін тиімді пайдалану бойынша жергілікті қоғамдастықтың бақылауы күшейтілетін болады. 
Заң жобасының басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бектіліген жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының ережелерін заңнамалық деңгейде іске асыру болып табылады. 
Парламент қабырғасындағы заң шығару жұмыстарымен қатар, бірқатар Мәжіліс депутаттары Ақмола, Қарағанды, Оңтүстік-Қазақстан облыстарына іс-сапармен барып қайтты. Сапар қорытындысы бойынша жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктердің ара жігін ажырату мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер бойынша жұмыс топтарының бірлескен отырыстары өткізілді. 




Яндекс.Метрика