ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

ҚР Әскери сотында іс қағаздарды жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданылуы талқыланды

Қазақстан Республикасы Әскери сотында «Сот істерін мемлекеттік тілде қараудың өзекті мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Астана қаласы29 Маусым , 16:03

Дөңгелек үстел Қорғаныс министрлігі, Алматы қаласының тілдерді дамыту басқармасы, Бас прокаратура, ІІМ министрлігі, Адвокаттар алқасы өкілдерінің қатысуымен өтті, деп бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Қатысушылар сот өндірісіне қабылданатын істердің саны мемлекеттік тілде жылдан-жылға көбеюі заңды құбылыс, сондықтан да қазақ тілінде толтырылатын құжаттардың сапасын арттыру қажеттігіне баса назар аударды. 

Жиын соңында дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік тілдің сот саласындағы қолданылу сапасын арттыру бағытында бірлесе жұмыс атқаруға  келісіп, тиісті ұсынымдар қабылдады




Яндекс.Метрика