Өңірлер

Әділет министрлігі мен ЕО жобасы сот билігінің реформасына ықпал етуге қатысты семинар өткізді

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Орталық Азия – құқық үстемдігінің тұғырнамасы» Еуропалық Одақтың жобасымен бірлесіп Орталық Азия үшін құқық үстемдігі бастамасы аясында«Қазақстанда сот билігінің реформасына ықпал ету» тақырыбында семинар өткізді.
Астана қаласы29 Маусым , 10:02

Семинар жұмысына Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Жоғарғы соттың, Бас прокуратураның, Әділет, ішкі істер министрліктерінің, Еуропалық одақ жобасының өкілдері, сондай-ақ шетел зңгерлері қатысты, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Семинар барысында қылмыстық сот жүргізу жүйесін ізгілендіру, құқықтық қызмет нарығы үшін критерилерді анықтауға басымдық бере отырып адвокаттар мәртебесін нығайту және сараптама қызметін жетілдіру мәселелері мәселесі талқыланды.

Әділет министрі Берік Имашев өзінің алғы сөзінде Еуропалық Одақ құқық үстемдігі бастамалары Орталық Азия серіктестеріне құқық және сот реформасы саласында маңызды қолдау көрсете отырып, тұрақты және демократиялық құқықтық жүйенің дамуына, құқық институттарының қызметіне, адам құқығы мен бостандығын сүйемелдеу және қорғауға өзіндік үлесін қосып отырған табысты модель екенін атап өтті.

Қазақстанның, атап айтқанда, Әділет министрлігінің Еуропалық Одақтың  құқық үстемдігі бастамасымен халықаралық ынтымастақтығы Еуропалық Одақ және Орталық Азия елдерінің өкілдері арасында машық пен тиімді жұмыс әдістерінің негізінде тәжірибе алмасуға, халықаралық-құқықтық және сот стандарттары мен тәжірибе саласында білімді арттыруға, сонымен қатар, құқықтану мамандарының кәсіби дайындығын жетілдіруге, Орталық Азия елдерінің құқықтық салада реформациялық процестерге ықпал етеді.

Семинардың қорытындысы бойынша аталған салаларда сот реформасының халықаралық стандарттарын енгізуге мүмкіндік беретін ұсыныстар әзірленетін болады.




Яндекс.Метрика