Энерготиімділік

Степногорск қаласының оқушысы электр энергиясын үштен бірге үнемдеуді ойлап тапты

«ЭКСПО-2017-ге көзқарас» көрмесі аясында Степногроск мектебінің оқушысы Игорь Карасев еңбек сабағында қолданатын энергия үнемдеу станоктарын таныстырды, деп «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлады.
Ақмола29 Маусым , 12:33

Автордың есептеуі бойынша, аталмыш станоктарда жұмыс істеу электр энегриясын 30 пайызға үнемдейді.

«Олар ескі кір жуғыш машиналарының 120 вольт қуаттылығында жұмыс істейді. Ал қарапайым станоктар 280 вольтта жұмыс істейді. Олар өте қолайлы, бірге алып жүруге болады», - деді ол.

Көрмеде таныстырылған шағынгабридті және экономикалық станоктарды автор мен оның сыныптастары әзірледі.

«Кішігірім детальдарды жинау оның сапасына әсер етпейді. Еңбек сабағында аса ірі жұмыс  жасалмағандықтан оның қуаты жетеді», - деді автор. 




Яндекс.Метрика