Өңірлер

Қызылорда облысының барлық аудандарында АКҚО ашылды

Қызылорда облысының барлық 7 аудан орталықтарында аудандық «Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары» жұмысын бастады (АКҚО).
Қызылорда29 Маусым , 11:58

Енді ауыл тұрғындарына «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ «АКҚО» - ның шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жайында кәсіпкерлерді және бастауыш кәсіпкерлерді ақпараттандыру, тегін кеңес қызметтерін ұсыну қолжетімді бола бастады, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АКҚО негізгі мақсаты ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлеріне кәсібін бастауға және оны дамытуға қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Қызылорда облысы «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиал директоры Матаев Жансұлтанның, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директор орынбасары Арман Бимағанбетовтың және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен орталықтардың салтанатты ашылуы аудан орталықтарында маусым айының 18 мен 25 аралығында өтті.

АКҚО келушілеріне ыңғайлы етіп, аудандық кәсіпкерлерді қолдау орталықтары Қызылорда облысы аудандық кәсіпкерлер палатасына орналастырылды. Даму Қорының және Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері кеңес беріп қана қоймай, жобаларды аяғына дейін жеткізіп, ауыл тұрғындарына тегін сервистік қызмет көрсетеді.

Барлық аудан тұрғындары аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының ашылғанына өз ризашылықтарын білдіре отырып, бұл орталықтарды «Кәсіпкерлердің үйі» деп атауға әбден болатындығын айтты.

 




Яндекс.Метрика