Өңірлер

Ақмола облысының әкімі өңірдің әлеуметтік нысандарын аралады

Облыс әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Еңбекшілдер ауданына келді. Мүнда өңір басшысы алымен Үлгі мен Қазгородок ауылдық округтерінің орта мектептерін аралады.
Ақмола28 Маусым , 10:56

Қазгородок елді-мекенінің мектебін аралаған аймақ басшысы білім ошағына кіре-беріс жеріне асфальт төсеу мәселесін қарастыруды ауылдық округ әкіміне жүктеді. Айта кетер жәйт, Үлгі ауылында  бүгінгі күні  25 адамға лайықталған  дәрігерлік амбулаторияның құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Сапары барысында облыс әкімі Біржан сал атындағы аудандық  мәдениет үйінде болып, мәдениет үйінің қызметкерлерімен тілдесті.  Мұна соң,  50 орынға есептелген аудандық аурухана болды. Емдеу мекемесінде 19 дәрігер жұмыс істейді. 

 Ауданда аймақ басшысы бірнеше бала-бақшаның жұмысымен де танысты. Соңғы жылдары ауданда демографиялық ахуал жақсарып, бала-бақшаға деген сұраныс артқан. Ауданда қазір 300 бүлдіршін мектепке дейінгі білім беру ұйымына кезекте тұр.

Өңір басшысының жұмыс сапары аудан активінде қортындыланды. Онда облыс әкімі жаңа жобалар бойынша жұмысты жандандыру, әлеуметтік сала мен ауыл шаруашылығын дамыту және аудан орталығын абаттандыруды қолға алу қажеттігін айтып нақты тапсырмалар жүктеді.   

 




Яндекс.Метрика