Адами капитал

«Мерейлі отбасы» республикалық байқауына 16 үздік отбасы қатысады

Қазақстанның үздік 16 отбасы республикалық «Мерейлі отбасы» конкурсына қатысады. Аталмыш конкурс отбасы статусын көтеруге бағытталған.
Казахстан27 Маусым , 18:01

 «Байқауға қатысатын әр отбасының өз ерекшелігі бар. Өңірлерде жұмыс істеген комиссиялар үшін республикалық турға іріктеу жүргізу қиын болды», - деді комиссия төрағасы Махаббат Бекбосынова.

Байқаудың аймақтар мен облыстардағы жеңімпаздары қазылар алқасымен анықталды. «Астана қаласында Ахметовтар отбасы үздік атанды. Бұл теміржолшылар әулетінде 67 адам бар. Алматыда Жұмаевтар отбасы - альпинистер жеңіске жетті. Отағасы әлемнің 14 шыңын бағындырған екен. Ақмола облысында педагогтар әулеті топ жарды, олардың қызмет өтілі 300 жылдан асады», - дейді Махаббат Бекбосынова.

Ұлттық комиссия өкілдерінің атап өтуінше, байқаудың мақсаты - отбасы мәртебесін арттыру және нығайту, Мемлекет басшысы аталған қоғамдық институтты дамытуға және сақтауға ерекше назар аударады, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

Биыл елордалық байқауға 44 отбасы қатысты, соның ішінде мұғалімдер, теміржолшылар, дәрігерлер, спортшылар және т.б. Әр әулет үшін «Мерейлі отбасы» байқауы  оның жетістіктері мен табыстарының көрсеткіші. Қазіргі уақытта ұлттық байқаудың аудандық және облыстық, сондай-ақ, Астана мен Алматы қалалары деңгейіндегі 2 кезеңі өткізілді. Жеңімпаз атанған 16 отбасы финалға өтті. Еліміздің үздік отбасы SMS және интернет дауыс берудің қорытындысы бойынша анықталады, ал жеңімпаздың есімі қыркүйек айында гранд-финалда барша Қазақстанға жарияланады. 




Яндекс.Метрика