Адами капитал

12 қыркүйекте «Мерейлі отбасының» жеңімпазы анықталады

«Мерейлі отбасы» байқауына қатысуға 500-ден астам шаңырақ өтініш берген.
Казахстан27 Маусым , 18:23

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш байқау 1 сәуірде Қазақстанның әр өңірінен бастау алған.

«Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде отбасы күні аталып өтіледі. Биылғы жылы мерекенің ерекшелігі сол, биыл «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы осы күні белгілі болады. Аталмыш байқауға үміткерлер 1 сәуірден бастап қатысқан еді. Бірінші кезең аудандық және қалалық деңгейде өтсе, екінші кезеңде үміткер отбасылар облыс көлемінде сайысқа түскен еді», - дейді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат ұлттық комиссиясының төрайымы Махаббат Бекбосынова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 12 сәуірде Астанада ірі гала концерт ұйымдастырылып, онда үздік отбасы анықталмақ.

«Аталмыш байқаудың облыстың кезеңі Астана мен Алматы қалаларында 23 мамырда өткен еді. Ол кезде 12 қыркүйектегі республикалық кезең жарысы жолдамасы сарапқа салынды. 14 қыркүйекте аталмыш концерттің телеарнадағы көрсетілімі өтеді», - дейді төрайым. 




Яндекс.Метрика