Астана күні

Астана Еуразиялық кеңістіктің елордасы болуға әбден лайық – А.Мурадов (ВИДЕО)

Астана Еуразиялық кеңістіктің елордасы болуға әбден лайық. Бұл туралы Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Ахмед Мурадов мәлімдеді.
Астана қаласы 27 Маусым, 19:06

«Менің ойымша, әрбір қазақстандық Астананың тұрғыны болуды армандайды. Біз Астанада әлемдік үздік стандарттардан тұратын микроклимат қалыптастырдық. Бұл бүгінгі Қазақстан мен қазақстандықтардың деңгейін көрсетеді. Біздің Астанамыз Еуразиялық кеңістіктің оратылғына айналуға әбден лайық», - дейді А.Мурадов.

Сонымен қатар, төменгі палата депутаты 1998 жылы Астананың тұсаукесерінің басы-қасында болғанын айта келіп, мемелкеттік елордасының даму қарқынын жоғары бағалады.

«Астана күні қарсаңында бір кездері Астананы құрып жатқан уақыттарды көз алдыма елестетемін. Ол кездегі қала бұдан әлдеқайда өзгеше еді. Мен осынау елорданы салуға ат салысқан барлық азаматтарға шын жүректен алғыс білдіргім келеді. Оның ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген алғысымыз шексіз. Бұл барша елідң жетістігі», - дейді депутат.





Яндекс.Метрика