Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Ш.Жамалов: Менің жүрегімнің қалауы - Қазақстан

Қазақстанда біз бейбітшілік пен келісімде тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз, дейді «Әзербайжандар қауымдастығы» РҚҰ Ақтөбе облыстық бөлімшесінің директоры Шахбаз Жамалов.
Ақтөбе27 Маусым , 19:23

«Қазақстанда біз бейбітшілік пен келісімде тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Кеңес одағының құлаған тұсында біздің көпшілігіміз өзіміздің тарихи отанымызға қайтқымыздың келгені жасырын емес. Алайда біз қазақтардың қонақжайлылығын қиып кете алмас едік. Өйткені бұл жер де біздің екінші отанымызға айналды. Мұнда бейбітшілік пен келісім, бауырластық пен сыйластық салтанат құрған. Сонымен қатар, біздің мәдени, рухани және тарихи құндылықтарымыз да алшақ емес. Біз бауырлас халықтар болғандықтан бөтенсіген емеспіз. Қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстанның дамуына бірлесе қызмет етудеміз. Бұл біздің Президентіміздің саясатының іске асқанының дәлелі», - дейді.

Оның айтуынша, Ұлт көшбасшысының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі ұлтаралық байланыстардың дамуына жаңа серпін берді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Әзербайжандардың «Азери» этномәдени бірлестігі өз жұмысын абыроймен атқаруда.

«Қазақстан менің жүрек қалауым. 1986 жылы Кеңес әскерінің қатарындағы әскери борышымды өтегеннен кейін Ақтөбеде қалып қойдым. Алматы халық шаруашылығы институтына түстім. Осы жерде өмірлік жарымды да таптым. Қазіргі таңда немере сүйіп отырған үлкн әулетпіз. Олар өзара әзірбайжан тілімен қатар қазақ және орыс тілдерінде де сөйлесе береді. Олар Қазақстаннан көптеген дос пен туыст тапты», - дейді. 




Яндекс.Метрика