Өңірлер

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі қаржы қызметі туралы есепті қарады

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов төрағалық еткен кезекті отырысында Қордың жылдық есебін және оның қаржылық қызметі туралы есепті қарады, сондай-ақ 2013 жылдың қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады.
Астана қаласы27 Маусым , 17:43

Қордың ҚЕХС бойынша аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігіне сәйкес Қордың жалғыз акционері – Қазақстан Республикасы Үкіметінің үлесіне таза кіріс 2013 жылдың қорытындылары бойынша 407,2 млрд. теңгені құрады. Отырыстың барысында 398,1 млрд. теңгені Қордың иелігінде қалдыру және 9,1 млрд. теңгені 2013 жылдың қорытындылары бойынша жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуге жіберу туралы шешім қабылданды, деп қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Осылайша, 2013 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Қазақстан Үкіметінің пайдасына бөлуі 156,6 млрд.теңгені, оның ішінде 2012 жылдың қорытындылары бойынша дивидендтер 9,1 млрд.теңгені құрады.

 Отырыс барысында 2013 жылы Қордың компаниялар тобы шамамен 20 спорт федерациясы мен бірлестігіне, сондай-ақ 6 әлеуметтік маңызы бар жобаларға қолдау көрсеткені атап өтілді. Атап айтқанда, «Ерікті қайырымдылық қоғамы» қоғамдық қорының желісі арқылы әртүрлі қатты аурулары бар 363 баланың емделуін, аутист-балалардың ата-аналары үшін қолдау көрсету орталығының ашылуын, «Қазақстан жетім балаларсыз» жобасын қаржыландырды. Бұл ретте «Қасиетті жол» қорының желісі арқылы балалар үйіне сауықтыру жабдықтарын сатып алуға және орнатуға, мамандарды  «балалар  миының сал болуы» диагнозымен балаларды оңалтудың жаңа әдістемелерін оқытуға көмек көрсетілді.

 




Яндекс.Метрика