Адами капитал

«ВВС» мен Қазақстанның міндеті мен миссиясы ұқсас – С. Становкин

«ВВС» мен Қазақстанның міндеті мен миссиясы ұқсас, деп ОКҚ брифингінде «Қазақстан» РТРҚ АҚ директорлар кеңесінің жанындағы сараптау-консультативті мүшесі, BBC Advertising өңірлік өкілдігінің басшысы Сергей Становкин мәлімдеді.
Астана қаласы27 Маусым , 17:00

«Мен әзірше қазақша қатырып сөйлемеймін, бірақ мен Қазақстанға келгенде міндетті түрде «Қазақстан» телеарнасын қосамын. Картинасы мен энергетиканың болуы өте маңызды. «Қазақстан» телеарнасында ол көрініс тапқан», - деді ол.

Оның айтуынша,  «ВВС» мен «Қазақстан» арасында ұқсастықтар бар. Біздің мақсатымыз – көңіл көтеру, ақпарат жеткізу,біз бұл орайда өте ұқсаспыз. Біз сенімділіктің жоғары деңгейін орнатуға мүдделіміз», - деді ол.

«Бізде бірлескен жобалар бар, мәселен «Қазақстан – Еуразияның жүрегі» ролигі. Оны бар әлем таныды. Сондай-ақ, Серік Сәпиевтің қатысуымен өткен жарнамалық кампания әлем чемпионатына қатысты өтті. Мен бұл телеарнаны жарқын болашақ күтіп тұр деп үміттенем», - деді ол.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика