Адами капитал

Елбасы мұсылмандарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы жаңа мешітке барған сапарында Қазақстанның барша мұсылман қауымын ертең басталатын қасиетті Рамазан айымен құттықтады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы27 Маусым , 16:53

 «Бұл айда жұрттар, Құран Кәрімде өсиет етілгендей, ораза ұстайды. Құран қағидаттарына сәйкес, осы айда адам баласы Аллаға жақындай түседі және олар мейірім, бақыт, береке-бірлік, толеранттылық, өзге жандарға қайырымдылық жасау,  күнәларынан арылу және медет тілеу жөнінде ойлануға тиіс. Еліміздің барша мұсылмандарына ұлық Ораза айының сынағынан сүрінбей өтуді тілеймін», – деді Қазақстан Президенті.

«Пригородный» тұрғын алабында, Арнасай көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында орналасқан жаңа мешітті көру барысында Нұрсұлтан Назарбаев  оның елордадағы сегізінші мешіт екенін атап өтті.

«Мешіт елордамызға келетін қонақтар үшін қолайлы. Болашақта бұл мешіт тек ізгілік пен бірліктің құтты мекені болады деп сенемін», – деді Мемлекет басшысы.

Мешіттің жалпы алаңы – 1087,6 шаршы метр, жерінің аумағы – 8 гектар, мұнарасының биіктігі – 28,9 метр.  Ғимараты  1500 адамға лайықталған.

 




Яндекс.Метрика