Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстан Президентінің жаңа кітабы 30 маусымда «Радио России» эфиріне шығады (ФОТО)

Қазақстан Президентінің жаңа кітабы 30 маусымда «Радио России» эфиріне шығады. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде «Радио России» мемлекеттік радиохабар компаниясының директоры, «Қазақстан» РТРК» АҚ директорлар кеңесі жанындағы сараптама-кеңес беру кеңесінің мүшесі Вячеслав Умановский мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 27 Маусым, 16:49

«Біз бірлесе отырып екі ірі жобаны іске асырамыз: ҚР Президенті Н.Назарбаевтың кітабының таспасы мен жаңа автобиография. Бұлар радио эфиріне дүйсенбіден бастап шығады. Менің пікірімше, бұл біздің қазақстандықтарға барынша қолжетімді болмақ», - дейді.

Өз сөзінде радио директоры «Қазақстан» арнасын жаңарту аясында сараптама-кеңес беру кеңесінің отырысына қатысқанына алғыс айтты.

«Қашанда қандай да бір жаңалықтың, бастаманың басы-қасында жүріп жұмысқа араласу адамға белгілі бір деңгейде бақыт сыйлайды. Арналарыңыздың болашағы алда, әлі де үлкен жобалар жасалады», - деді.

Айта кету керек, сараптамалық-кеңес беру кеңесі «Қазақстан» РТРК-ға  жаңа бағытта жұмыс істеуде қолғабыс етпек.

«Халықаралық Телерадиохабары Қауымдастығының мүшесі Әл Жазира, Блумберг, Еуроспорт, ВВС және басқалар екені рас. Біз қашанда өзіміздің әріптестіріміздің дамуында қолғабыс етеміз», - деді Халықаралық Телерадиохабары Қауымдастығының Бас директоры Самон Спэнсвик.

Оның айтуынша, қайбір телеарна болмасын уақыт өткен сайын жаңарып отырады.

«Қашанда өзгерістерге дайын және жаңалықтарға дайын болу керек. Әсіресе біздің сандық заманда өзгерістер көз ілеспес жылдамдықтармен алмасуда. Телеарналар мобильдік қосымшаларға өткенде біздің сараптамалық кеңестің жаңа бағытта жұмыс істеуіне көмек бермек», - деді. 

Мадина Нұрбекова 

Фото-Азамат Алиев 





Яндекс.Метрика