Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Ақмола облысының Зеренді ауданында 250 орындық емхана ашылады

Ақмола облысының Зеренді ауданына барған жұмыс сапарында аймақ басшысы Сергей Кулагин бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жаңа емхана мен 21 пәтерлі үйдің құрылысымен танысты.
Ақмола27 Маусым , 16:46

Аймақ басшысы бірқатар жергілікті пункттерді аралып, өндіріс кәсіпорындарын аралады, оған қоса әлеуметтік нысандар да назардан тыс қалмады, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Зерендінің аудандық орталығында Сергей Кулагин дене шынықтыру-сауықтыру орталығында болды, балабақша мен №1 орта мектеп, аудандық аурухана, 21 пәтерлі тұрғын үй құрылысы мен 250 орындық емхананың құрылысымен танысты. Жобаның жалпы құны 1462,9 млн теңгені құрайды. Құрылыс 2015 жылы аяқталмақ.

Сапар қорытындысында аудан активінің отырысы өтті. 




Яндекс.Метрика