Self made. Ровесники столицы

Мен өз қаламды мақтан тұтамын – Астана құрдасы

Астана қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» АББҰ физика-математика бағытының оқушысы, елордамыздың құрдасы Бану Сұлтанбекова Астаны мақтан тұтатынын айта келіп, қаланы 5-10 жылдан кейін қалай елестететінін айтты.
Астана қаласы 27 Маусым, 17:21

«Өздеріңіз де білесіздер, шілдеде Астанамыз 16 жасқа толады. Бұл деңгейге жету әрине, үлкен қажырды қажет етті. Сол кездері шағын ғана Ақмола қаласының осындай дәулетті Астанаға айналарын ешкім ойламаған еді. Бүгінгі таңда Астана адамдардың өмір сүруіне барынша ыңғайлы алып шаһарға айналды. Менің Астанамызды мақтан тұтамын», - дейді ол.

Сонымен қатар, Астана құрдасы 5-10 жылдан кейін Астана мен Қазақстанды қалай елестетінін де айта кетті. «Астананың 16 жылда осындай деңгейге жеткенін ескерсек, тағы бір 5-10 жылда қаламыз әлемдік шаһарлардың біріне айналып, еуразияның сұлулығын бір бойына жинаған қаламызға әлем туристері ағылып келетін болады. Сонымен қатар, Астананың әлемнің ең үздік 30 қаласының қатарына енетініне күмән келтірмеймін», - дейді Бану.

Банудың айтуынша, болашақта ол медицина саласы бойынша білім алып Қазақстанның білікті дәрігерлерінің бірі болмақ.

«Біздің мектептердің Қазақстан бойынша қазіргі саны 16-ға жетті. Бұл мектептерде химия-биология, физика-математика бағыттары бойынша тереңдетіп оқытады. Президентіміздің арқасында мектептеріміз әлемдік талаптарға жауап беретін заманауи озық білім береді. Бұның барлығы тек Қазақстанның дамуы үшін қызмет етпек. Мектепті бітіргеннен кейін Назарбаев Университетіне түсіп, Қазақстандағы медицинаны дамытуға үлес қоспақшымын», - дейді.

Жас Астананың жас тұрғыны барлық қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады.

«Мен барша қазақстандықтарды алдағы мерекемен құттықтаймын. Біз осындай әдемі қалада тұрып жатқанымызды мақтан тұтамыз», - дейді ол. 

Мадина Нұрбекова 





Яндекс.Метрика