Қалаларға шоғырлану

Жер телімдерін мақсатты белгілеудің классификаторы дайындалды

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі барлық республика аумағында жұмыс істейтін жер телімдерін мақсатты белгілеудің классификаторын дайындады.
Казахстан27 Маусым , 16:14

Жер телімдерін мақсатты қолданудың классификаторы қызметтік бағыттағы типті ескере отырып аумақтық индексі шегіндегі мақсатты белгілеудің өзгерісінсіз жер телімдерін пайдалануды үйлестіруге әсер ететін құралы болып табылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Тиісінше бұл жеке және заңды тұлғаларды жаңа идентификациялық құжаттарды дайындау мен қосымша келісуден босатады.

Классификатор пайдалану түріне байланысты 11 аймаққа бөлінеді: тұрғын үй құрылысы; қоғамдық-іскерлік құрылыс; өндірістік құрылыс; көлік, байланыс және электржинау; ортақ пайдалану; сауықтық, рекреациялық және тарихи-мәдени бағыттағы табиғаттың ерекше қорғауындағы аймақтар; ауыл шаруашылық жерлері; резервтегі жер; арнайы жерлер; қорғаныс және өзге де пайдалану түрлеріне қажетті аймақтар.  

Классификаторды қабылдауға дейін кәсіпкерлердің өз қызметтерін алмастыру кезінде мақсатты пайдаланудың өзгеруі туралы әкімдіктің қаулысын қабылдау арқылы жер телімдерінің идентификациялық құжатты алмастыру қызметін жүзеге асыруына тура келеді.

Енді мақсатты пайдалануды өзгерту процедурасы барынша ашық, түснікті, қарапайым түрде болады. 




Яндекс.Метрика