Өңірлер

«Қазақстан» ұлттық телеарнасының редизайны жасалды (Брифинг бейнебаяны)

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова телеарна мен веб-порталдың жаңа дизайнын таныстырды.
Нұр-Сұлтан 27 Маусым, 15:47

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы өз қызметінің жаңа деңгейіне көтерілді. Біз «Қазақстан» жалпыхалықтық арнасының даму стратегиясын жалғастырып жатырмыз. Біздің контенттік ішкі мазмұнымыз ғана өзгермей, сонымен қатар сыртқы келбетіміз де жаңаруда», - дейді төрайым.

Оның айтуынша, бүгінгі күннің басты жаңалығы – корпорация тарапынан сараптамалық-кеңес беру кеңесінің құрылуы.

«Корпорация қызметінің алдағы уақытта жаңа деңгейге көтерілетінінен үміттенеміз. Бүгін біз арнамыздың жаңа ребрендингін таныстырып отырмыз. Сонымен қатар, 30 маусымда жаңа порталды іске қосқалы отырмыз және «Қазақстан» телерадиокорпорациясына кіретін медиа актілердің мобильдік қосымшасын шығарамыз», - дейді ол.  

«Жаңа логотип минималды стильде жасалынып, біздің мемелкеттік туымыздың және ондағы күн бейнесінің түсімен айшықталған. Логотиптегі көгілдір түс мәңгіліктің мәнін білдіріп, ертеңгі күннен мол үміт күттірмек. Ал сары түс ертеңгі ашық күнді білдіреді. Сонымен қатар, жастық пен қуат мағынасында», - дейді.

Айта кету керек, жаңа стильді дайындау кейпінде британдық «Bruce Dunlop & Associates» креативті агенттіктің тәжірибесі қолданылды.

«Біздің бүгінгі мемлекетіміздің биік деңгейі біздің де жоғарғы деңгейде жұмыс істеуімізді міндеттейді. Сол себепті біз «Бұл менің Қазақстаным» ұранын таңдап отырмыз. Онда біз әрқайсымыздың бейнесін білдіруге тырысамыз», - дейді. 





Яндекс.Метрика