Өңірлер

ШОБ мораторийі кәсіпкерлердің ЖММ сапасына жауапкершіліктен босатпайды – ИЖТМ

Қазіргі уақытта сатылатын жанар-жағар майдың сапасына қатысты тұтынушылардан көптеген шағымдар келіп түсуде. Бұрын мұнай өнімдерін тұтынушыларға өткізетін барлық кәсіпкерлік объектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитеті жүзеге асыратын.
Казахстан27 Маусым , 15:18

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 757 «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» жарлығына сәйкес 2014 жылғы сәуір айынан бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚР ИЖТМ ТРМК шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тоқтатты.

Мәселен, 2013 жылы мұнай өнмідерін бөлшек саудада және көтерме сатумен айналысатын субъектіге 267 тексеріс жүргізілді, тексеріс барысында 119 бұзушылық жағдайы анықталды, деп ИЖТМ баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған ұқсас жағдай «Құлагер Бетон» ЖШС АҚС-да анықталды, онда октан саны – 74,5 болып шыққан АИ-80 маркалы жанармайы анықталды, «Көмек-А мүгедектік фирмасы» ЖШС «Жұлдыз» АҚС (нақты октан саны 74,0 болған АИ-80), «Мост», «Мамыр» және № 54 «Сонар Мұнай Өнімдері» ЖШС АҚС (нақты октан саны – 82,7 және 80,6 болып шыққан АИ-92).

Жалпы алғанда, 2013 жылғы мемлекеттік бақылау қорытындысы бойынша ҚР ИЖТМ ТРМК 14 956 090 теңге сомасында әкімшілік өндіріп алу шараларын қабылдады, 58 694 079 теңге сомасына сәйкестік сертификаты, таңбалануы жоқ, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін мұнай өнімдерінің 312 топтамасын сатуға және 545 салыстырып тексерілмеген өлшем құралдарын қолдануға тыйым салынды.




Яндекс.Метрика