Өңірлер

Астана қаласының аумағын абаттандыру ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Бүгін Астана маслихатында әкімдік әзірлеген қала аумағын дамыту, санитарлық күтіп ұстау, тазалауды ұйымдастыру мен тазалықты қамтамасыз ету ережесіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 15:06

Ережеге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, жоғарыда аталған нысандарды міндетті түрде сәулет және тілдерді дамыту органдарымен келісу керек, ал бұл талап бұзылған жағдайда құқық бұзушыларға айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілік жүктеледі, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

Қазіргі кезде елорданың келбетіне кері әсерін тигізетін негізгі проблемалық мәселелердің бірі аумақты өз бетінше қоршау, маңдайша жазулар орнату, витриналар мен терезелерді безендіру болып табылады.

Сонымен қатар, елорданы одан әрі дамыту жөніндегі жыл сайынғы кеңестерде тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар айналасындағы қоршаулар және ғимараттар мен құрылыстардағы маңдайша жазулардан қаланың эстетикалық қалпының бұзылуы мәселесі ұдайы айтылып жүреді.

Бұдан басқа, ҚР ҚН және Е «Астана қаласының аумағын кешенді абаттандыру нормалары мен ережелеріне» сәйкес мемлекеттік басқару органдары, ұйымдардың кеңселері, көп қабатты тұрғын үйлердің аумақтарына қоршаулар орнатуға тыйым салынады. 




Яндекс.Метрика