Ұлтаралық бірлік

Астанада ҚХА-ның ұлтаралық қатынас мәселесіне арналған отырыс өтті

Бүгін байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орайластырып Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлтаралық қатынас мәселесі бойынша үздік журналистер мен сарапшылар клубының отырысы өтті. Шарада ҚХА қызметіне ақпараттық қолдау көрсету мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын БАҚ арқылы насихаттау, өңірлік деңгейде ҚХА таныту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен ұлтаралық келісімді нығайту жобалары талқыланды.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 13:00

«Мен бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи 21-інші сессиясын еске алғым келеді. Онда Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өзі қатысып сөз сөйлеген. Сессия қорытындысы бойынша тарихи шешім қабылданды. Ол өз кезегінде біздің Ассамблеяны алдағы уақытта дамытып, Ассамблея хатшылығы, Ассамблея инфрақұрылымын жетілдіретін болады. Енді аталмыш сессияда Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау арқылы біз шын мәнісінде де айтарлықтай деңгейге көтерілгенімізді байқап отырмыз», - дейді ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаев.

Айта кету керек, Клуб отырысына ҚР Парламенті депутаттары, министрліктер мен ведомство өкілдері, этникалық газеттердің бас редакторлары, республикалық және өңірлік БАҚ журналистері, халықаралық қатынастар саласындағы сарапшылар мен ғалымдар және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Шара аясында ҚХА қоғамдық медальдарымен Клуб мүшелерін марапаттау рәсімі мен алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстау шаралары ұйымдастырылды. Сонымен қатар ҚХА фотобайқауының жеңімпаздары марапатталды.

Сонымен қатар, жиында Ассамблеяның этникалық БАҚ көрмесі мен фотобайқау қатысушыларының еңбектерінің көрмесі өткізілді. Бұдан бөлек «Мультимедиа - профи» тақырыбында шеберлік сабағы ұйымдастырылды. 




Яндекс.Метрика