Адами капитал

Қазақстанның Бас прокуратурасын отандық БАҚ-тың 20 өкілін құттықтады

Бүгін Астанада Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Астана қалалық прокуратурасы отандық журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 13:22

«Біздің бүгінгі алдыңғы қатарлы БАҚ өкілдерін жинап отырған себебімізді өздеріңіз де түсініп отырған боларсыздар. Төртінші билік өкілдерімен бүгінде біз жақсы байланыс құра білдік. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың атынан газет, телеарна мен ақпарат агенттіктері қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын», - дейді Астана қаласы әкімі Мұхтар Жөргенбаев.

Шарада «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Экспресс-К» газеттері, «Заң мен заман» журналы, «Хабар», «24kz», «Қазақстан», «Астана», «7 арна», «Еуразия» 1-інші арнасы қызметкерлері мен «Қазақпарат», «Bnews.kz», «Tengrinews.kz», «ҚазТАГ», «Интерфакс», «Новости Казахстана», «Strategy2050.kz» және  «Baq.kz» ақпарат агенттіктері, сонымен қатар «Нұр-Медиа» медиа холдингі мен «Қазақстан» радиосы қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.  

«Шығармашылық  жұмыстарыңызға жеміс тілей отырып еңбекте абырой мен жеңіс тілеймін. Сонымен қатар прокуратура органдарының алға қойған мақсаттарын іске асыруда біз сіздермен ынтымақастық құра отырып жемісті еңбек етуден үміттенеміз», - деді. 

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика