Адами капитал

«Казконтент» АҚ ұжымына Қазақстан Президенті алғыс білдірді

ҚР Мемлекеттік хатшысы ел журналистерін Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні кәсіби мерекесімен құттықтады. Кездесу барысында бірқатар БАҚ шығармашылық ұжымы мен «Казконтент» АҚ ұжымына Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатын жеткізді.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 12:34

«Қазконтент» АҚ Қазақстанның интернет және медиа саласындаөзіндік қолтаңбасын қалдырып үлгерген үлкен ұжымдардың бірі. Компания 2009 жылы құрылып, сол жылы компанияның Bnews.kz, Kaztube.kz, Baq.kz секілді интернет жобалары іске қосылды. 

Бүгінде «Қазконтент» АҚ еліміздегі ақпараттық кеңістіктің белсенді бөлігі бола отырып, 8 интернет-жобаны жүзеге асырып келеді. Интернет-жобалардың 4-ақпараттық, 4-тақырыптық.Атап айтар болсақ олар 2050 Стратегиясына ақпараттық қолдау көрсету мақсатында құрылған Strategy2050.kz, ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты Primeminister.kz, Bnews.kz ақпарат агенттігі, қазақ тілді Baq.kz ақпарат агенттігі, отандық видео-портал Kaztube.kz, тарихи e-history.kz порталы, el.kz әлеуметтік желісі, сонымен қатар әдеби Adebiportal.kz порталы.

Айта кету керек, акционерлік қоғам әрбір қазақстандықтың білімі мен тіліне, әлеуметтік деңгейі мен жас ерекшелігіне қарамастан әрқайсысына ақпараттық қызмет көрсетеді.

Компанияның миссиясы ұлттық контент (мазмұн) жасау және интернет желісінің қазақстандық бөлігін дамыту. Компанияның барлық жобасы еліміздегі интернет пайдаланушыларға ең жылдам, әрі анық ақпарат беруді қамтамасыз ету үшін құрылған. «Қазконтент» АҚ-ның әр жобасы Сізді қоғамдағы тың жаңалықтар мен өзгерістерден хабардар етіп қана қоймай, кешегі мен бүгінді салыстырып, жарқын болашаққа жол ашуыңызға себеп болады деген ойдамыз.

 




Яндекс.Метрика