Өңірлер

Республикалық «Нұр Сұңқар» конкурсының жеңімпаздары 1 млн теңгеге ие болды

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында жыл сайынғы «Нұр Сұңқар» республикалық байқауын қорытындылаудың салтанатты рәсімі өтті. Биылғы жылы «Нұр Отан» партиясы мен ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі байқаудың ұйымдастырушылары болды.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 12:32

Биылғы жылы еліміздің барлық аймағынан «Нұр Сұңқар» байқауына  қатысуға ниет білдірген 221 өтініш келіп түсті, деп «Нұр отан» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.Байқауға Елбасы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қойған міндеттердің жүзеге асырылуын, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басымдықтарын, «Нұр Отан» партиясы Доктринасының қағидаларын, сондай-ақ партиялық бастамаларды жан-жақты көрсеткен еңбектер қабылданды. Конкурс комиссиясының бірінші кезеңінің нәтижесінде 114 жұмыс іріктеліп алынды.   

Жеңімпаздарға 7 аталым бойынша сыйлық табыс етілді: «Сөз шебері» аталымы – ең үздік газет журналисі - Сүлеймен Мәмет, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы, «Ерекше пікір» аталымы - ең үздік телевизиялық журналист - Майя Бекбаева, «Жетінші канал» телеарнасы  «Другими словами» сараптамалық қорытынды бағдарламасының жүргізушісі, «Медиа-профи» - аталымы – ең үздік ақпараттық агенттік журналисі -  Анара Базмухаметова,  «Bnews.kz» ақпарат агенттігінің бас редакторы, «Аймақ айнасы» аталымы – ең үздік өңірлік корреспондент - Гүлзина Бектас, «Айқын» газеті руханият, әлеумет бөлімінің редакторы, «Көзқарас» аталымы бойынша – ең үздік блогер болып  - Өркен Кенжебек пен Яков Федоров танылды, «Қазақстандық журналистикаға қосқан үлесі үшін» аталымы -  Нұржан Мұхамеджанова,  Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрайымы, «Партия қызметі туралы ең үздік материал үшін» аталымы - Ольга Цой, «Хабар» телеарнасының шеф-редакторы және «Жеті күн» бағдарламасының жүргізушісі».

Әр аталым бойынша 1 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.    




Яндекс.Метрика