Мәдениетті жаңғырту

«Астана Опера» 3 композитордың мерейтойына орай концерт береді

«Астана Опера» М.П. Мусоргскийдің, Н.А. Римский-Корсаковтың және М. И. Глинканың мерейтойына арналған үлкен концерт береді.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 14:37

Биыл М.П. Мусорскийдің туғанына 185 жыл (1839-1881); Н.А. Римский-Корсаковтың туғанына 170 жыл (1844-1908); М.И. Глинканың туғанына 210 жыл (1804-1837) толды. Концерт 2014 жылдың 27 маусымында Ресейлік Ғылым және Мәдениет орталығында өтеді.     

Концертке ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов жетекшілік ететін «Астана Операның» Камералық хоры және Александр Малиновский басқаратын «Астана-Опера» театры симфониялық оркестрінің Брасс-квинтеті қатысады, деп театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

Кеште өнер көрсететін театрдың жетекші солистері: Сүндет Байғожин, Нарұл Тойкенов, Артур Қайыпқұлов, Болат Есімханов, Байғали Момбеков, Елена Ганжа, Гүлжанат Сапақова, Гүлзат Дәуірбаева, Мейір Байнешов, Евгений Чайников, Роза Нұркей, Ескендір Әбжанов. Концертмейстерлер – Долорес Үмбетәлиева, Жанар Ахметова, Ирина Кургузкина.

Орыс ақындарының өлеңдері концерт бағдарламасына поэзиялық арқау болады. 




Яндекс.Метрика