Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Елбасы бала туу және күту бойынша демалыста жүрген әйелдер үшін 5%-дық аударым енгізуді тапсырды

Елбасы бала туу және күту бойынша демалыста жүрген әйелдер үшін 5%-дық аударым енгізуді тапсырды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бесінші шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясында сөйлеген сөзінде мәлім етті.
Нұр-Сұлтан02 Қыркүйек , 00:00

«Азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз етуді, ең алдымен, зейнетақы жүйесін реформалау жұмыстарын жандандыру маңызды. Зейнетақы жүйесі реформасына байланысты қазақстандықтарға Үндеуімде мен Үкіметке азаматтардың зейнетақы жинақтары өсіміне қосымша кепілдіктер туралы бірқатар тапсырмалар бердім», - деді Н.Назарбаев.

«Атап айтқанда, біріншіден, жұмыс істейтін әйелдердің бала туу және бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаттары есебінен субсидиялауды қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, жұмыс берушілер қаражатынан өз жұмысшыларының зейнетақы шоттарына 5 пайыздық міндетті аударымдар енгізу керек. Үшіншіден, міндетті кәсіптік жарналар мөлшерлемесін тағы 5 пайызға кезеңдік ұлғайтуды қарастыру. Төртіншіден, зейнетақы активтерін елдің мейлінше перспективалы салаларына инвестициялау тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету», - деп нақтылады Президент.

Оның айтуынша, әлеуметтік жаңғыру еңбек қатынастары мәдениетін арттыруды талап етеді.

«Сондықтан қазақстандық кәсіподақ қозғалысын жаңғырту қарқындырақ жүруі тиіс. Үшінші сессия жұмысы барысында «Кәсіптік одақтар туралы» жаңа заң қабылдау қажет. Оны Үкімет таяу арада енгізеді. Әлеуметтік жаңғырудың маңызды аспекті – жастар саясатының заңнамалық негізін нығайту. Бұл ретте заң шығарушылар мемлекеттік жастар саясаты туралы заң жобасын қарауы қажет. Сондай-ақ алда минималдық стандарттар мен кепілдер, дене шынықтыру және спорт туралы және басқа да заңдарды қарау және қабылдау мәселесі тұр», - деп қорытты Нұрсұлтан Назарбаев. 




Яндекс.Метрика