Халықаралық интеграция

Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысады

Сенаторлар Икрам Адырбеков пен Дулат Құсдәулетов 28 маусым мен 2 шілде аралығында Баку қаласында өтетін ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы ХХІІІ сессиясына қатысады, - деп хабарлайды Сенатың баспасөз қызметі.
Әлемде27 Маусым , 11:37

Хельсинки қорытынды актісіне қол қойылуының мерейтойына байланысты биылғы парламенттік форум «Хельсинки+40: Мақсат – әр адамның қауіпсіздігі» ұранымен өтетін болды.

Ассамблеяның жалпы отырысында Әзербайжан Парламенті мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының басшылығы, ЕҚЫҰ лауазымды тұлғаларының және ЕҚЫҰ-ға қатысушы 57 ел өкілдерінің сөз сөйлеуі жоспарланып отыр.

Қазақстандық парламентшілер сондай-ақ Саяси мәселелер және қауіпсіздік, Экономикалық мәселелер, ғылым, технология және қоршаған орта, сондай-ақ Демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер жөніндегі жалпы комитеттердің отырыстарына қатысады.

Одан басқа экстремизм, радикализм және жатсынудың арта түсуі, сондай-ақ Украинадағы жағдай мәселелеріне арналған арнайы пікірсайыстар өткізу көзделіп отыр. Жыл сайынғы сессия кезінде Ассамблея басшылық құрамының сайлауы өтеді және сайлауларды байқау миссиялары жұмыстарының қорытындылары мен Ассамблея қызметіндегі ұйымдастыру мәселелері талқыланады.

Пікірсайыс қорытындысы бойынша ЕҚЫҰ ПА-ның 2014 жылғы Баку Декларациясы қабылданатын болады. 

 




Яндекс.Метрика