Астана күні

Г.Құрбанбаева: Астана - халықаралық бренд

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан халықаралық брендтің бірегейіне айналған Астананы салды. Бұл туралы Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі, төраға орынбасары Гүлнәр Құрбанбаева мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 11:13

«Мен үшін 20 жыл бұрын шағын ғана қаладан осындай Астана салу үш ұйықтаса түсіме кірмес еді. Ақмоланың ол кезде бар-жоғы 300 мың халыққа ие шағын қала екенін ескерсек, мұндай алып шаһар салу мүмкін еместей көрінуі заңды да. Мен барлық жобаларды зерделеп, олар туралы жарияланған дүниелерді оқыдым. Астананы салу үшін өте көп мөлшерде қаржы қажет еді. Мен де сол кездердегі көпшілік секілді бұл іске күмәнмен қарадым. Қазіргі таңда мен қоғамдық бизнеспен айналыса жүріп халықаралық ұйымдар өкілдерімен және шетелдік қонақпен жиі кездесемін. Сонда байқағаным, қиыншылық заманда осындай батыл шешім қабылдау айтарлықтай тәуекелді қажет еткен еді», - дейді ол.

Гүлнәр Құрбанбаеваның айтуынша, елордаға келген қонақтар шаһар сәулетіне таң қалады. «Қазақстанның осындай жетістікке жеткені мен үшін үлкен мақтаныш. Бұл өте көрегенді және дер кезіндегі саясат. Біз әлемге өзіміздің мүмкіндіктерімізді танытып, бізден санасу қажеттілігін көрсетуіміз керек. Инвестициялық тартымдылық, қонақтарды қабылдау мүмкіндіктері, саяси және экономикалық мәселелерді шешу, әлеуметтік жағдайларды реттеу тұрғысынан біз айтарлықтай биік деңгейге көтеірлдік», - дейді Г.Құрбанбаева. 




Яндекс.Метрика