Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Астанада «Қазақстан және ғарыш» Халықаралық конференциясы өтеді

2014 жылғы 1 шілде күні Астана қаласында тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Талғат Мұсабаевтың ғарышқа алғаш ұшуының 20 жылдығына арналған «Қазақстан және ғарыш» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтетін болады.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 10:57

Қазғарышта хабарлағандай, конференцияның жұмысына Қазақстанның ресми тұлғалары, шетел ұлттық ғарыш агенттіктерінің және Ресей, Украина, Франция, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Голландия, Румыния елдерінің жетекші ғарыштық компаниялардың басшылары, ғалымдар, сарапшылар, отандық ғарыш саласының өкілдері мен қоғамдық қайраткерлері қатысатын болады.

127 тәулікке созылған бұл ғарышқа ұшуы Қазақстанның әрбір азамытна ерекше елеулі: Талғат Мұсабаев ашық кеңістікте шыққан қазақ ұлтының алғашқы өкілі атанды, еліміздің ғарыш зерттеулері мен тәжірибелердің екінші ғылыми бағдарламасы орындалды, адамзат тарихында алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның туы, мұсылман жамағатының киелі «Құран» кітабы, қазақ елінің біруыс топырағы ғарышқа көтерілді.

Құрметті қонақтары ретінде Т.Мұсабаевпен ғарыш сапарларында бірге болған экипаж мүшелері – Юрий Маленченко, Юрий Батурин, алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, ресейлік Ю.Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау орталығының жетекшісі, ғарышкер Юрий Лончаков, КСРО-ның  ұшқыш-ғарышкері Анатолий Арцебарский шақырылды.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы жетістіктері, оның даму перспективалары, Қазақстанның ғарыш қызметіндегі халықаралық ынтымақтастығы, шетел ғалымдары және шетелдік ұйымдары мен компаниялары өкілдерінің тәжірибесімен, ғылыми жетістіктерімен алмасуы туралы кеңейтілген талқылауы өтеді.




Яндекс.Метрика