Халықаралық интеграция

Астанада МАГАТЭ-нің өңірлік семинары өтуде

Астанада радиациялық қауіпсіздік, тасымал қауіпсіздігі мен қалдықтарды игерудегі қауіпсіздік саласында мамандарды оқыту мен дайындаудың Ұлттық стратегиясын әзірлеу бойынша МАГАТЭ-нің өңірлік семинары өтуде.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 10:33

Семинар жұмысына Әзірбайжан, Армения, Болгария, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Македония, Молдава, Ресей Федерациясы, Черногория, Тәжікстан мен Украинаның өкілдері қатысуда, деп хабарлайды ИЖТМ баспасөз қызметі.

Шарада радиациялық қауіпсіздік, тасымал қауіпсіздігі мен қалдықтарды игерудегі қауіпсіздік саласында мамандарды оқыту мен дайындаудың Ұлттық стратегиясын дайындау мен радиациялық қалдықтарды тасымалдау мәселесі бойынша МАГАТЭ-нің әдістемесі қаралады. Сонымен қатар, мамандарды оқыту мен дайындаудың осы сынды стратегиясын дайындау тәжірибесімен бөліседі.




Яндекс.Метрика