Астана күні

Қала күніне орай «Астана Шаттық» шығармашылық керуені өтеді

«Астана Шаттық» шығармашылық керуені қаланың тұрғын үй алаптарында осымен бесінші жыл қатарынан өткізілмек.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 10:16

Автокеруен Астана қаласы тұрғын үй алаптары тұрғындарына арналған көшпелі концерттен тұрады. Концерттік бағдарламаға түрлі өнер жанрлары мен бағыттары енгізілген. Әсіресе оған отандық эстрада жұлдыздарының қатысуы ерекше әр бермек, деп  Астана қаласының

16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі  ұйымдастыру комитетінің медиа-штабы хабарлады.

Концерттік бағдарламаға қатысушылар арасында танымал эстрада жұлдыздарымен қатар өнерге жаңа қадам басқан жас әншілер, әртістер, би ұжымдары бар. Аталмыш автокеруен олардың өз өнерін таныстырып, көрермендерге дәріптеуі үшін таптырмас алаң болары сөзсіз.

Автокеруен бағдарламасы кішкентай балалар мен ересектер талғамын тұстастай қамтиды. 




Яндекс.Метрика