Өңірлер

«Іскерлік байланыстар» жобасы аясында 13 млн доллардың шарты құрылды

2012 жылдан бері қазақстандық шағын кәсіпкерліктің 132 өкілі «Іскерлік байланыстар» жобасы тарапынан ұйымдастырылған бизнесті дамыту сапарлары аясында АҚШ-қа барды. Нәтижесінде қазақстандық және америкалық 13 компания 13 млн доллар шамасындағы келісім шарттарға қол қойды.
Алматы қаласы27 Маусым , 09:59

«Іскерлік байланыстар» жобасы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуда, деп хабарлайды «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының баспасөз қызметі.

«Іскерлік байланыстар» жобасы қазақстандық компаниялардың әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмек береді. АҚШ-қа сапары барысында қазақстандық кәсіпкерліктердің игеретін тәжірибесі мен байланыстары өте қажет», - дейді Алматыдағы USAID, Орта Азиядағы USAID Миссиясының экономикалық даму бөлімі директорының орынбасары Лора Гонзалез.

«Даму» қоры «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының операторы және экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуға ынталандыру мен олардың басқару құзіретін жетілдіру мақсатында қазақстандық кәсіпкерлерге арналған білім беру базасы негізінде лектік тренингтер ұйымдастырады. Осының аясында 2013 жылы және 2014 жылдың бірінші жартысында америкалық кәсіпкрлер Қазақстанға келіп өз тәжірибелерімен бөлісті. АҚШ кәсіпкерлері шетелдерде әскерлік айланыстар құру  бойынша кеңестер беріп, Америка Құрама Штаттарындағы бизнес жүргізу жайын әңгімеледі.

2012 жылдан бастап экономиканың әр саласындағы 11 топ, соның ішінде денсаулық сақтау, ақпараттық технология, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік өндіріс, құрылыс, көлік және логистика мамандары Құрама штаттарға барды. Онда Қазақстан туралы барынша толығырақ білуге қызығушылық танытып, нарықтың қарқынды дамып келе жатқан компанияларының директорларымен байланыс құруға ниетті жеке сектор өкілдерімен кездесті.




Яндекс.Метрика