Астана күні

Астананың аспаны сиқырлы – А. Алишева (Фото)

Қазақстан үшін ерекше оқиғаларының бірі – елорданың 16 жылдығы, Strategy2050.kz АА-ға «Astana Ballet» ұжымының көркем жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Алила Алишева балет музыкасынан шабыттанып «Астананың сиқырлы аспанының астында» мақаласын жазды.
Нұр-Сұлтан 26 Маусым, 18:42

«Жақында өте әсерлі музыкадан кейін мен елорда туралы «Астананың сиқырлы аспанының астында» мақаласын жаздым. Мен мұндай аспанды өмірі көрмедім, 1998 жылдан бастап мен ара-тұра қалаға келіп тұрдым, мен хореографиялық училищеде оқыдым, біз осы қалаға концерт қоюға келіп жүрдік. Жыл өткен сайын келгенде қала әр түрлі болып өзгерді, оның аспаны таңғажайып. Бүгін мен оның аспанын көріп, оның сұлулығына тәнтімін», - деді А. Алишева.

Сондай-ақ, профессор атап өткендей, қала күнін тойлау мерекесіне орай «Әлем» балетінің премьерасы өтеді.

«Астана – Қазақстан тұлғаларының қалыптасуы. Бүгінгі таңда біз өз репертуарымызды іздестірудеміз. Жұмысымыздың бірі «Әлем» қойылымы», - деді ол.

Алила Алишева Мемлекет басшысы  «Astana Ballet» шығармашылық ұжымын құруға бастама білдірген үшін алғыс айтты.

«Елбасына алғысым шексіз. Біздің ұжым 2012 жылы құрылған болатын.Біз керемет өнерді насихаттап жүргенімізге дән ризамыз», - деді ол.

Индира Кауметова

Фото - Азамата Алиев





Яндекс.Метрика