Астана күні

Астана халықаралық кеңістіктегі Қазақстанның бейнесіне айналды – Ж.Дүйсенбаев

Астана халықаралық кеңістікте Қазақстанның бейнесіне айналды. Бұл туралы Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жексенбай Дуйсенбаев мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 26 Маусым, 17:56

«Қазақстан Республикасы үшін Астананың маңызы жоғары. Астана – Қазақстан Республикасы Президентінің төл туындысы. Осы уақыт аралығында Астана адам танымастай өзгерді. Қала халқы да бірнеше есе артып, сонымен қатар Астанамыз халықаралық кеңістікте Қазақстанның бейнесіне айналы», - дейді ол.

Сонымен қатар, Ж.Дуйсенбаев елорданың білім беру мен мәдени саладағы қарқынды даму жағдайын да тілге тиек етті. Бұдан басқа алдағы өткізілгелі отырған Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің Астананың даңқын асқақтата түсетініне сенім білдірді.

«Ең бастысы жас республикамызда жаңа елордамыз бар. Астанадағы білім беру мен мәдени және өзге де салалар жас мемлекетімізбен бірге дамып келе жатыр. Бұл өз кезегінде Президентіміздің шешімі болып табылатын астананы көшіру идеясының өз заманында туып, қазіргі таңда халықаралық деңгейдегі беделді қала болып қалыптасқанына кезекті бір дәлел. 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық көрмеге келетін 2 млн туристің бұған көздері жете түспек», - дейді депутат.





Яндекс.Метрика