Парламент

ҚР Мәжілісі жол қозғалысы заңнамасын қарамақ

19-ыншы маусымда ҚР Парламент Мәжілісінің отырсында спикер Нұрлан Нығматулинның төрағалығымен жол қозғалысы заңнамасы бірінші оқылымда қаралмақ, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникация қызметінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев.
Астана қаласы17 Маусым , 00:00

«19-ыншы маусымда ҚР Парламент Мәжілісінің отырсында спикер Нұрлан Нығматулинның төрағалығымен жол қозғалысы заңнамасы бірінші оқылымда қаралмақ. Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау туралы қазіргі Заңды алмастыру үшін дайындалып жатқан жаңа Заң жобасы интеллектуалды транспорт жүйесін енгізуді көздейді. Елімізде алғаш рет осы заң жобасының көмегімен құрылыс кезі мен қайта жөндеу кезіндегі жол қозғалысы қауіпсіздігінің аудит институты қолға алынбақ», - деді А. Абибуллаев.

Сонымен қатар, Парламент Мәжілісі алғашқы оқылымда алты Заңды біріктіріп, біріңғай қорғау жүйесіне бастау болатын біріңғай актіні  қабылдауды қарастыратын азаматтық қорғауды да  пысықтамақ.

 




Яндекс.Метрика