2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

М.Манкеев «Қазақстан-2050» қозғалысы жұмысының үш қызметін атады

Бүгін ОКҚ брифингінде «Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалысы кеңесінің мүшесі, Қазақстан-фин бизнес хабының жетекшісі Мұхтар Манкеев «Қазақстан-2050» қозғалысы жұмысының үш қызметін атады.
Нұр-Сұлтан26 Маусым , 16:01

«Бірінші және ең басты қызметі – ҚР Президентінің өзі «Болашақ» форумында «Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалысын құру туралы ұсынысын тастаған кезде айтқанындай елдің «Қазақстан-2050» даму Стратегиясын ілгерілету болып табылады. Яғни, біздің міндетіміз әрбір қазақстандыққа аталмыш стратегиялық құжаттың елдің дамуы мен әлеуметтік жағдайын жетілдіруге қаншалықты әсер ететінін түсіндіру», - дейді.

Оның айтуынша, «Қазақстан-2050» Стратегиялық құжатын зерттеп қарайтын болсақ өмірдің кез келген саласына қатысты жауап табуға болады.

«Мейлі ол мектеп бітіріп жатқан талапкер болсын, егер ол болашақтағы мамандық таңдауда екіойлы болып жатса аталмыш стратегияны ашып мемлекеттің дамуы мен алдағы еңбек нарығына қандай мамандықтың қажет екенін анық көре алады. Бұл өз кезегінде мемлекеттің мүддесіне де, кісінің жеке бас пайдасына да тиімді», - дейді М.Манкеев.

Жұмысымыздың екінші бағыты – жинақы зияткерлік орталығы қызметін атқару.

«Бүгінге дейін қозғалыстың мүшелігіне 3 мыңнан астам белсенді азаматтар қатысып үлгерді. Бұлар тек жастар мен мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлер, инженерлер, дәрігерлер мен өзге де белсенді азаматтық қызметкерлер. Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер арқылы билікке өзіміздің ұсыныстарымызды жеткізу мүмкіндіктеріміз бар. Осыны біз орталықтандырылған зияткерлік орталық деп атай аламыз», - дейді.

Үшінші бағыт заманауи бағыттардың бірі краудсорсингтік платформа құру.

«Қазіргі таңда нақты құрал – краудсорсингтік платформа құрылды. Осы арқылы біз бірінші съез аясындағы қазіргі таңдағы маңызды мәселелердің шешімін табуға ат салысатын боламыз», - дейді. 

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика