Инвестициялар

Ақмола облысында мал азығын дайындайтын зауыт ашылады

Ақмола облысында сағатына 15 тонна өнім беретін қуаттылыққа ие заманауи комбикорм зауыты іске қосылатын болады. Жаңа жоғарғы технологиялық өндіріс Қазақстанның АӨК инвестициялық жобаларын іске асыру мен жем-шөп өндірісін дамыту бағдарламасы аясында «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржылық қолдауымен салынды.
Ақмола26 Маусым , 16:27

«ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Bosche Systembau GMBH» неміс технологиясымен жарақтандырылған зауыт AGRAVIS концерні рецептурасы бойынша комбикорм өндіреді.  

Жобаның жалпы құны 1 млрд теңгеден асады. Соның ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «ҚазАгро» Ұлттық холдингі құрылымындағы компанияларының ҚР Ұлттық қорынан бөлінген қаражат шамамен 634 млн теңгені құрайды.  Комбикорм зауытына «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша барлық қажетті коммуникация бөлінген.

«Agrо Trading 2007» ЖШС комбикорм зауытының заманауи технологиялардың арқасында ірі қара малы мен ұсақ малдарға, сонымен қатар құстардың әрбір түріне арналған дәрумендерге және макро-микроэлементтерге бай комбикорм шығаруға мүмкіндік береді. Жем-шөп өндірісіне арнайы өсімдік түрлері мен бидай сұрыптары пайдаланылады.

Жалпы, «ҚазАгро» Ұлттық холдингі компаниялар тобы қазіргі таңда республиканың агроөнеркәсіптік кешенінде 417 жобаны іске асыруда. Оның жалпы құны 263,8 млрд теңге. Соның ішінде 310 жоба қазіргі кезге дейін пайдалануға берілді.




Яндекс.Метрика