2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

«Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалысының I Форумына 400-ден астам делегат қатысады

«Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалысының I Форумына 400-ден астам делегат қатысады. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде «Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жұмин мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан26 Маусым , 15:31

«Біз ұйымды осы жылдың қаңтар айында құрдық. Осы бес ай көлемінде біз өзіміздің жобаларымызды іске асыра бастадық. Бес ай ішінде ұйым жиырма адамнан бастап бүгінгі таңда 3 мыңнан астам белсенді мүшелері бар елдің әрбір өңірінде өкілдіктері жұмыс істеп тұрған толыққанды жалпыхалықтық ұйымға айналдық. Бұлар жай ғана ұйым мүшелері емес, біздің қозғалысымыздың нақты жобаларына ат салысатын белсенді азаматтар», - дейді Д.Жұмин.

«Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалысының I Форумы 2014 жылдың 28-інші маусымында Астанада өтеді.

«Біздің форумның мақсаты – «Қазақстан-2050» қозғалысының барлық қатысушыларының басын біріктіру. Онда біз қазіргі таңда іске қосылған жобаларымызды талқылайтын боламыз. Ал бүгінге дейін біз ұзын саны 9 жобаны қолға алдық. Жыл соңына дейін тағы 5 жобаны жүзеге асырмақшымыз. Форум барысында біз алғаш рет «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында алдымызда тұрған күн тәртібіндегі мәселелерді шешу жолдарын қарастырып, өзара пікір алмасамыз», - дейді.

«Форумға еліміздің әр өңірінен 400-ден астам делегат келіп қатысады. Атап айтар болсақ олар кәсіпкерлер, дәрігерлер мен тағы басқа мамандық иелері. Шараның ерекшелігі сонда, барлығымыз да Астанада бас қосамыз. Және олар мұнда өздері келеді. Бұл барынша ашық форум», - деді. 

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика