Өңірлер

ҰКП тарифтердің көтерілуіне мораторий енгізуді жарты жылда шешеді

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ОКҚ отырысында палата тарифтердің көтерілуіне моаторий енгізуді жарты жылда қарастыратынын айтты.
Нұр-Сұлтан26 Маусым , 14:49

«Кәсіпкерлер айтқандай: «Девальвациядан кейін мораторий енгізейік, бізге қиын. .. тарифтердің кезекті көтерілуі біздің бағаға әсер етеді». Тағы біреуі: егер біз мораторийға келетін болсақ, оған дайындалу қажет. Бұл идея өте тартымды, тек өзгелерге кедергі келтірмеу қажет», - деді А. Мырзахметов.

 «Жалпы, біздің палатаның құрылып, қызметке кіріскеніне көп бола қоймаса да аз уақыттың ішінде, нақтылай түссек соңғы 5-6 ай ішінде ел Үкіметінің сенімді серіктесіне айналып үлгердік. Оған біздің атқарған қыруар шаруаларымыз бен Үкіметпен бірлесе отырып бірқатар заң жобаларына енгізген өзгерістер мен толықтыруларымыз да дәлел бола алады. Әрине, бұл ретте Елбасының арнайы жүктеген тапсырмаларының орындалу нәтижесі ретінде қабылдаған жөн», - деді ол өз сөзінде.

Оның айтуынша, қазіргі кезде қоғам арасында мемлекеттен бөлініп жатқан субсидиялық қаражаттың шалғай ауылдар мен алыс аудандарда қолжетімсіз екені айқын сезілуде.

«Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірқатар жарқын жобаларды қолға алуда. Соның бірі – алдағы уақытта ауылды жерлерден Кәсіпкерлер үйін ашуды көздеп отырмыз. Бұл сол жердегі шағын кәсіп иелерінің алыс аудан немесе қашықтағы облыс орталықтарына шабылмай, өз ісіне қатысты мәселені жергілікті жерде шешуге зор мүмкіндік береді деп ойлаймын», - деді ол.

«Бұл қарапайым жұртшылық үшін өте ыңғайлы әрі ұтымды болатынына сенімдімін. Мысалы, біз белгілі бір пайызда дауысқа салу арқылы мүліксіз немесе техникасыз, алайда, бизнеске ебі бар шағын кәсіп иелерін қаржыландыру мәселесінің оң шешілуіне өз септігімізді тигізетін боламыз, - деді А. Мырзахметов.

Камила Амирова 




Яндекс.Метрика