ҚР ИИДМБ

ОҚО-да кабель өнімдерін өндіретін кәсіпорын іске қосылды

«Астана күні» мерекесі қарсаңында Оңтүстік өңірінде тағы бір өндіріс орны ашылды.
Оңтүстік Қазақстан26 Маусым , 15:46

Атап айтқанда, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында «KAZ TEL» ЖШС-нің «Кабель өнімдері өндірісінің қуаттылығын арттыру, кеңейту» жобасы іске қосылды. Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылған жобаның құны - 125 млн. теңге. Кәсіпорын жылына 7,2 мың км. кабель өнімдерін шығару мүмкіндігіне ие, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Қазіргі кезде зауытта 100 жаңа жұмыс орны ашылып отыр. Заманауи технологиялық құрал-жабдықтар мен сынақ өткізетін базаның болуы әр түрлі оқшаулауы бар сапалы кабель өнімдерін шығаруды қамтамасыз етеді. Компания нарыққа ресми бекітілген стандарттарға сәйкес 3000-нан аса макроөлшемдік кабельдер мен өткізгіштер ұсына алады. Жаңа кәсіпорын тауар өндірушілердің реестріне енгізілген және барлық шығарылатын өнімге сәйкестік сертификаты бар. Іске асқан жоба импорталмастыруға мүмкіндік беріп, сапа мен баға жағынан ішкі нарықты кабель өнімдерімен қамтамасыз етеді. Айта кетерлігі ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Сайрам ауданында 1,9 млрд.тг. құрайтын және 334 жұмыс орнының ашылуымен 6 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде қазіргі кезде 5 жоба іске қосылған.




Яндекс.Метрика