Өңірлер

А.Мырзахметов: 2030 жылға қарай ЖІӨ үлесіндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 40%-ға жеткізу қажет

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алдағы жұмыстарының басым бағыттарын айқындады. ҰКП магистральді тапсырмасы 2030 жылға қарай ЖІӨ үлесіндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 40%-ға жеткізу, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.
Нұр-Сұлтан 26 Маусым, 12:59

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тарихында алғашқы съезіміздің өткені белгілі. 232 делегат сайланды, оның 50%-ы өңірлер мен Алматы, Астана қаласының өкілдері. Ал қалған жартысын аккредиттелген салалар мен салааралық республикалық қауымдастықтар ұсынған. Съезде жасалынған жұмыстар туралы басқарманың есебіне қатысты мәселелер талқыланды. ҰКП 1-інші съезі ұйымдастырушылық кезең жұмысын қорытындылады. Барлық органдар құрылған, білікті штаттар жиналған», - деді А.Мырзахметов.

А.Мырзахметовтың айтуынша, ұлттық кәсіпкерлер палатасы үкіметтік емес тәуелсіз қоғамдық институт ретінде құрылған. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкімет  басшысының ден қоюымен Мемлекет басшысының стратегиялық тапсырмаларын іске асыру бойынша Үкіметтің құрылымдық әріптесіне айналды.

Сонымен қатар, съезде ҰКП алдағы үш жылдағы жұмыс жоспарлары құрылды.

«Съезге дейін барлық облыстарда кәсіпкерлердің конференциясы ұйымдастырылды. Біз әрбір өңір бойынша барлық кәсіпкерлердің тілек-арыздарын ескердік. Ескертулер ретке келтіріліп, ұлттық кәсіпкерлер палатасының алдағы жылдардағы жұмыстарына негіз болады», - дейді ол.

Жалпы, 2030 жылға қарай біз шағын және орта бизнес арқылы ЖІӨ-нің 40%-ын қамтамасыз етуіміз керек. Ол үшін жыл сайын ШОБ өсімін 7-8%-ға арттыруымыз керек дегенді айтты А.Мырзахметов.

Камила Амирова 





Яндекс.Метрика