2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Орал қаласында Жастардың Х ұлттық Дельфий ойындары өтеді

Жастардың Х ұлттық Дельфий ойындары 26 және 30 маусым аралығында Орал қаласында «Мәдениет - достық шаңырағы» деген ұранмен өтеді. Дельфий ойындарының жыл сайын Қазақстанның әртүрлі қалаларында өтетіні белгілі.
Батыс Қазақстан26 Маусым , 14:37

Ойындар Қазақстанның әртүрлі қалаларында өткізіледі, бұл қатысушыларды барынша көп жинап, аймақтың мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Қазақстандағы жастардың ұлттық Дельфий ойындарының негізгі міндеті - дарынды қазақстандық жастарды іздеп табу және оларға қолдау көрсету, бүкіл әлемде етек жая бастаған Дельфий ойындары идеясын дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойына төзімділік пен өзге мәдениеттерге деген қызығушылықты сіңіру, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Биылғы таңдау Орал қаласына түсті. Оған 500-ден астам адам қатысады деп жоспарлануда. Жарыстар балалар мен жастар арасында екі жас санаты, 15 аталым бойынша өтеді, олардың арасында фортепиано мен скрипка, академиялық және халықтық ән айту, баян/аккордеон, халықтық құралдар, эстрадалық ән айту, көркемсөз, халықтық және заманауи билер, сурет өнері, халықтық қолөнер, киім дизайны, сурет және журналистика бар.

Сонымен қатар Ойындардың бағдарламасына, әдеттегідей, «Күн Әлемі - Солнечный круг» атты балалар шығармашылығының фестивалі кіреді.

Ойындарды ұйымдастыру және өткізумен «Нұр Отан» партиясының қолдауымен және Халықаралық Дельфийлік комитеттің патронатымен Қазақстанның Ұлттық Дельфийлік комитеті мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі жөніндегі комитеті айналысады. Қазылар алқасының құрамына көрнекті мәдениет, білім және ғылым қайраткерлері, кәсіби қауымдастықтар мен одақтардың басшылары кіреді.

 




Яндекс.Метрика