Су ресурстарына арналған жаңа саясат

Қазақстан теңіз ортасын қорғаудың халықаралық стандарттарына қосылады

Көлік және коммуникация министрлігі теңіз ортасын қорғау саласындағы Халықаралық теңіз ұйымы (IMO) негізгі бірқатар ковенцияларды ратификациялау жөнінде жұмыс бастады.
Казахстан26 Маусым , 11:49

Оның ішінде, конвенцияны ратификациялау Қазақстанға мұнайдың төгілу жағдайларында тиімді және шұғыл әрекет жасау үшін IMO ресурстарына қол жеткізуге, сонымен қатар, егер кеме иесінің жауапкершілік көлемі келтірілген залалдың көлемін өтей алмаған жағдайда, мұнаймен ластану залалына байланысты шығынға ұшыраған тұлғаларға тиісті өтемдерді қамтамасыз ету мақсатында Халықаралық қор жүйесіне қосылуға мүмкіндік береді, деп көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оған қоса, халықаралық келісім шарттарымен кеме иелерінің жауапкершілік тәртібі мен ластану салдары нәтижесінде залал шеккен тұлғаларға арналған өтемақы төлеу тәртібі белгіленген.

Сонымен қатар, конвенциялар отандық кемелерге басқа мемлекеттер порттарына кедергісіз кіруге мүмкіндік беру үшін қазақстандық кемелерде (жалпы көлемі 1000 регистрлік тоннада астам) бункерлік куәлігінің міндетті болуын белгілейді.




Яндекс.Метрика