Self made. Ровесники столицы

Мен еліміздің тарихи кезеңінің куәсімін – Астана құрдасы

Меруерт Қазыхан – Астананың құрдасы. Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында Меруерт Астана туралы ойымен бөлісті.
Нұр-Сұлтан 26 Маусым, 11:34

«Мен еліміздің бас қаласының құрдасы болғанымды мақтан тұтамын. Астана менің туған қалам және мен оны жақсы көремін. Бір кездері кішкентай ғана қала болған жерде осындай сәулетті шаһардың бой көтеретінін ешкім де ойламап еді. Біздің Президентіміз барша қазақстандықтардың арманын іске асыратын әлемдік деңгейдегі ірі қаланы салып берді», - дейді.

Сонымен қатар, Меруерт Астананың құрдастары біздің еліміздің өркендеу дәуірінің куәсі болып отырғанын, олар да жас мемлекетімізбен бірге дами беретінін айтты.

«Менің өмірім Астанамен, еліміздің дамуымен тікелей байланысты. Мен өз өмірімді елордамызбен тығыз байланыстырамын. Мұнда қазақстандықтар армандарының орындалуына барлық жағдай жасалынған. Астана біздің болашағымыз», - дейді елорда құрдасы.

Меруерттің болашақтағы арманы Астанадағы Назарбаев Университетінде білім алу екенін де жасырмады.

«Мектепті бітіргеннен кейін Астанадағы Назарбаев Университетіне түсуді ойлап жүрмін. Содан кейін «Болашақ» бағдарламасының грантын иеленіп, шетелде білім алып, сол алған білімімді еліміздің өркендеуіне үлес етіп қоссам дейімін», - дейді.

Мереке қарсаңында Меруерт барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады. 





Яндекс.Метрика