Парламент

Сенат Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіруге қолдау көрсету келісімін ратификациялады

Бүгін Парламент Сенатында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдарға Италия Републикасы Қарулы күштерінің қатысуына байланысты Қазақстан аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды.
Нұр-Сұлтан26 Маусым , 10:51

«Итальяндық тараптың әуе кемесінің  тасымалы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу негізінде жүргізіледі. Біріншіден, бұл итальяндық тараптың әскери көліктік әуе  кемесіне  берілетін бір күнтізбелік  жылдық арнайы рұқсат», - делінген қорытындыда.

Айта кету керек, қазақстандық тарап 48 сағат ішінде итальяндық тарапқа ақпарат бере отырып Келісім аясындағы сұралатын тасымалға кез келген рұқсатты беруден бас тарта алады.

Қазақстандық тарап сонымен қатар, жүк немесе қызметкерлердің тасымалы Келісімге сай болмаса немесе ҚР ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса аталмыш шешімнің күшін жоюға немесе кез келген іс-қимылды тоқтату құқығына ие.

Жалпы, қорытындыда айтылғандай, Келісім Ауған Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтірудің халықаралық шарттарын қолдау мақсатында әуе және темір жол тасымалының Қазақстан Республикасы аумағы арқылы Италия Республикасының әскери мүлкі мен қызметкерлерін тасымалдау тәртібін іске асыруды қарастырады. 




Яндекс.Метрика