ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Білім беруде адам басын қаржыландырудың пилоттық жобасы 63 мектепте сыналды

Бүгін Астанада қазақстандық және шетелдік сарапшылар Қазақстандағы орта білім берудегі адам басын нормативті қаржыландырудың пилоттық жобасын сынаудың бірінші жылының аралық нәтижесін талқылады. Онда 2013-2014 жылдары Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының 63 мектебінде осы жүйе сынақтан өткізілгені айтылды.
Нұр-Сұлтан26 Маусым , 10:31

«2013 жылы министрлік бір балаға есептелген мектептегі білім беру қызметін қаржыландыруды, білім беру қызметінің қолжетімділігін қарастыратын және оқыту сапасын арттыруға бағытталған орта білім берудің кісі басы нормативті қаржыландыру әдістемесін дайындады.  Бұл әдістеме білім берудің мемлекеттік міндетті стандартын орындау, оқу орындары арасында бәсекелестіктің артуына жол ашатын және оқыту процесінің деңгейін арттыратын таптырмас құрал», - дейді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева.

Айта кету керек, орта білім берудегі нормативті кісі басы қаржыландыруға өту 2011-2020 жылдарға арналған білім берудің мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған.

Жалпы, қаржыландырудың жаңа механизмі педагогтардың әлеуметтік деңгейін арттыру мен еңбекке ынталандыру, ақылдасу кеңестері арқылы мектептерді басқарудың корпоративті формасын енгізуге мүмкіндік береді.

«Мұндай механизм мектеп қызметінің үндестігі, ашықтығы мен нәтижеге бағытталған қызметтерін ұйымдастыру шешімдерін қабылдаудағы ұжымдылықты қамтамасыз етеді, сонымен қатар бюджеттік қаражатты жұмсау тиімділігін арттырады», - дейді қаржы орталығының басшысы. 

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика