Парламент

Сенат ҚХР-ға ҚР аумағы арқылы Ресей мұнайын тасымалдау туралы келісімді ратификациялады

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің палата спикері Қ.Тоқаевтың төрағалығымен өткен пленарлы отырыста Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі тарапынан мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қытай Халық Республикасына Қазақстан Республикасы аумағы арқылы Ресей мұнайын тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімді ратификациялады.
Нұр-Сұлтан26 Маусым , 10:20

Келісімнің мақсаты Қытай Халық Республикасына Қазақстан Республикасы аумағы арқылы Ресей мұнайын тасымалдау үшін жағдай жасау болып табылады.

«Тараптар Ресей жағының құзіретті ұйымдарының ресейлік мұнайын жылына 7 млн тонна көлемінде ұзақмерзімді тасымалдауға жағдай жасап, оған Омбы (РФ) – Прииртышск (РФ) – Атасу (ҚР) – Алашанькоу (ҚХР) бағыты бойынша тасымалдаудың магистральді құбырлары жүйесін қолдануға құқық береді», - дейді ол.  

Қорытындыда айтылғандай, тасымалдау бағыты бойынша жылына 7 млн тонна мұнай тасымалдау құны Тараптардың құзіретті органдарының келісімі негізінде тоннасына АҚШ доллары түрінде Қазақстан Республикасының құзіретті мемлекеттік органдары Келісімінің барлық  мерзіміне мақұлданады.

Сонымен қатар, қазақстандық тарап нөлдік үстеме бойынша үстеме құнға тасымалдау салығы бағыты бойынша мұнай тасымалының қызметін көрсетеді. «Осы орайда Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сай үстеме құн салығын қайтару мақсатында мұнай тасымалы қызметі халықаралық тасымал ретінде Қазақстан тарапынан қарастырылады», - делінген.




Яндекс.Метрика